Тоқаев тағы да президенттікке үміткерлер арасында өтетін дебатқа қатыспайды
Қасым-Жомарт Тоқаев телебағдарламалар арқылы өтетін президенттікке үміткерлер арасындағы дебатқа қатыспайды.
Президенттің атынан Мәжіліс төрағасы, кандидаттың сенімді өкілі Ерлан Қошанов қатысады.
Пікірталас 11 қараша күні «Хабар» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Президенттікее үміткерлер арасында өтетін пікірталас төрт бөлімнен тұрады:
- Сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері,
- Пікірталас сессиясы (қатысушылар қарсыластарына екі сұрақ қояды)
- Сайлаушылар сұрағы (әр кандидатқа бір мәселе бойынша сұрақ қойылады)
- Президенттікке үміткерлердің үндеуі.
Айта кетейік, бұған дейінгі президент сайлауында да Қасым-Жомарт Тоқаев дебатқа қатысқан жоқ. Оның атынан Сенаттың қазіргі спикері Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі.
Фото: Борт 01

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.