Тоқаев Того президентіне: Бізге күш біріктіру керек
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Гнассингбеге ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға тарихи сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
– Қазақстан Сіздің еліңізбен жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі. Бұған дейінгі бейресми әңгімелесу барысында біз Қазақстан мен Того арасында ықпалдастық орнату үшін өзара мүддені көздейтін қолда бар мүмкіндіктерді талқыладық. Әрине, елдеріміз әртүрлі құрлықта, әртүрлі аймақта орналасқан. Бірақ бізге қазіргідей халықаралық күрделі жағдайда күш біріктіру керек. Осы орайда Қазақстан мен Того, сондай-ақ басқа да мемлекеттер халықаралық қатынастарды қалыпқа келтіру үшін бір болуы қажет, – деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты және халықаралық күн тәртібін ілгерілету үшін тұрақты диалог орнату қажет екенін атап өтті.
Фото: aqorda
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.