Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев туған күнінде мемлекеттік сапармен Қытайға барды

Контекст дня — 17 мая 2023 14:50
0
Изображение 1 для Тоқаев туған күнінде мемлекеттік сапармен Қытайға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

– Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады, – деп жазылған хабарламада.


Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

Ал 19 мамыр күні «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.