Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Туризм және спорт министріне бірқатар тапсырма берді

Контекст дня — 31 октября 2023 17:00
0
Изображение 1 для Тоқаев Туризм және спорт министріне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдап, министр Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді.

– Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімет берілді, – деп жазылған хабарламада.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.