English version

Тоқаев украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Контекст дня — 24 августа 2023 16:50
0 -1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхат арқылы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Украина президенті Владимир Зеленский тәуелсіздік күніне орай мәлімдеме жасады.

– Ұлы Украинаның ұлы халқы! Еркін адамдар мерекесі. Бүгін еркін адамдар мерекесі. Лайықты мереке. Теңдік мерекесі. Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығын атап өтеміз. Бұл әрқайсымыз үшін құндылық. Бұл үшін біз күресеміз. Соғыста кішігірім әрекет деген болмайды. Көптеген украиндықтар соғыстың кесірінен жақындарынан айырылды. Біз сол батырлардың арқасында Украинаны сақтап қалдық. Мен әрқайсысына алғыс айтамын және басымды иемін, – деді Зеленский.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.