Тоқаев жанқиярлық көрсеткен полицейлерді марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде батылды әрекет етіп, жанқиярлығымен көзге түскен полицейлерді ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1) Әріпжанов Арман Талғатұлы, Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті «Тұран» ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі.
2) Қоңысов Бекен Кеңесұлы, Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі.
Еске салайық, Арман Әріпжанов 20 ақпанда өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады.
Бекен Қоңысов 19 ақпан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.