Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасына бірқатар тапсырма берді

Контекст дня — 2 февраля 2024 17:00
0
Изображение 1 для Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдап, жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Годунова есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді.

Сондай-ақ өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берді.


Кездесу соңында Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.