Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтауды тапсырды

Контекст дня — 11 апреля 2023 18:10
0
Изображение 1 для Тоқаев жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидың еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі есебін тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Жұмағалидің есебі бойынша, бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Оның 53-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Сондай-ақ биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын қатерлерді жоюға қатысты 769 ұсыным мен ұсыныс енгізілген.


Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырды.

Фото: Aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.