Тоқаевты ұлықтау рәсіміне қанша қаржы бөлінеді?
Бүгін ОСК сайлау қорытындысын жариялады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы (81,31%) дауыс берген.
Кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурацияда салтанатты ант беру рәсімі 26 қарашаға белгіленді.
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президентті ұлықтау рәсіміне қанша қаражат жұмсалатынын айтты.
– Бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, ұлықтау рәсімі – президенттің ресми түрде, конституциялық заң бойынша президент лауазымында ант беруі. Бұған айтарлықтай көп қаржы кетеді деп ойламаймын. Біздің тарапымыздан ешқандай қосымша қаражат бөлінбейді, – деді Жамаубаев.
Фото: Б. Жуасбаев

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.