Тоқаевты ұлықтау рәсімінен кейін митинг ұйымдастырған кәсіпкер қамалды
Астананың құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәсіпкер Марат Әбиевті 30 тәулікке соттады.
Марат Әбиев бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны, полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды.
Айта кетейік, елордада 26 қараша күні кешке стационарлық және мобильді интернет бір сағат бойы істемей қалған еді.
Байланыс қалпына келген уақытта өздерін «Болашақ сәулетшілері» деп атаған белсенділер тобы ереуілге шықты. Белсенділерге кәсіпкер Марат Әбиев басшылық еткен.
Кейін полиция Астанадағы митингке 300-ге жуық адам қатысып, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткені туралы хабарлады.
Фото: tengrinews

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.