English version

Тоқаевтың «жаңа Қазақстан» дегені бос сөз болып шықты – Тайжан

Контекст дня — 20 марта 2023 15:15
0 -1

Мәжіліс депутаттығына үміткер Мұхтар Тайжан Алматы қаласының әкімшілік сотына сайлау нәтижесін жоюды талап етіп, сотқа шағым түсірді. Бұл туралы қоғам белсендісі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Біз, бірнеше тәуелсіз кандидаттар, қазір сағат 21:50-де сотқа барып, бұл сайлауды әділетсіз деп тану туралы талаппен сотқа жүгіндік. Әзірге қолымыздан келгені осы. Ертең баспасөз мәслихатын өткіземіз, – деп жазды ол.

Бүгін тәуелсіз үміткерлер тобы сайлау қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Мұхтар Тайжанның айтуынша, сайлау әділетсіз өткен. Қоғам белсендісң президент Тоқаевтың уәдесінде тұрмағанын айтты.

– Қанды Қаңтардан кейін президент Тоқаев реформа жасауға уәде берді. Бірақ оның бірі де болған жоқ. Оны кеше өткен сайлауда көрдік. Ешқандай «Жаңа Қазақстан» жоқ. Балаева, Қошанов және т.б «Ескі Қазақстанның» өнімдері. Бұның барлығы солардың жасап отырғаны, – деді Тайжан.

Masa.media дерегі бойынша, Мәжіліс депутаттығына үміткер Инга Иманбай сайлау қорытындысын мойындамайтынын айтқан. Ол сайлау нәтижесінің күшін жойып, қайта өткізуді талап етті.

Фото: masa.media


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.