Тоқаевты жеңісімен құттықтап, гуманитарлық көмек үшін алғыс айттым – Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткенімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter желісінде мәлімдеді.
– Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонмен сөйлескенде кезектен тыс президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтадым. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты әріқарай дамытуға ниетті екенімізді білдірдім. Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс айттым, – деп жазды Зеленский Twitter-де.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қараша күні өткен кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстандағы 11 миллион 953 мың 463 сайлаушының 8 миллион 300 мыңы немесе 69,4 пайызы дауыс беруге келгенін мәлімдеді.
Фото: gov.ua

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.