Ya Metrika Fast


English version

Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді – Тоқаев

Контекст дня — 31 мая 2023 12:30
0
Изображение 1 для Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді – Тоқаев

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Мемлекет басшысы азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз екенін атап өтті.


Президенттің айтуынша, біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.

Айта кетейік, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.