Тоқаев Путинмен Орынбор қаласында кездеседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орынбор қаласында Ресей президентімен кездеседі.
Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің сайты хабарлады. Хабарламаға сәйкес, ведомство келіссөздерге дайындық жүргізіп жатыр.
2 қыркүйек күні Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кеңес өткізді. Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIX форумы күзде Орынборда өтуі тиіс. Форум өтетін нақты күн әлі белгіленбеген.
Форумның негізгі күн тәртібі екіжақты ынтымақтастықты нығайту және жаңа бірлескен жобаларды іске қосу. Қазақстан мен Ресей президенттерінің әкімшіліктері көшбасшылардың қатысуы туралы ақпаратты әлі растаған жоқ.
Дайындық барысы туралы Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының өкілдері баяндалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин барлық қажетті дайындықты уақтылы қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет