English version

Трилогия тәмам: Головкин «Канелодан» екінші мәрте жеңілді

Контекст дня — 18 сентября 2022 12:15
0 -1

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында бокс кеші өтті. Жылдың басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кездесті.

Орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен Геннадий Головкин Сауль Альварестен жеңілді.

Айта кетейік, Головкин мен Канело арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде өтті. Жекпе-жек тең аяқталды. Бір жылдан кейін, 2018 жылдың қыркүйегінде, екінші жекпе-жекте Канело жеңіске жетті. Альварес қазақстандықты орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеуден айырды. Бұл GGG-дің алғашқы жеңілісі болды.

Бүгінгі бокс кеші үшінші жекпе-жек есебінде өтті. Геннадий Головкин биыл сәуір айында 40 жасқа толды. Ал Сауль Альварес 32 жаста.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.