English version

Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті

Контекст дня — 30 мая 2023 16:50
0 -1

28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті.


Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.

Изображение 1 для Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті

Кіші залда өткен қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Көрермендер актерларға тік тұрып қошемет көрсетті. Қойылымдағы Андрейдің рөлін Ғалым Оспанов ойнады. Сонымен қатар Ажарлым Бақытжанова Елена рөлінде, Ұлжан Райханова Оксана рөлінде сахнаға шықты.

Изображение 2 для Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті

Қойылым мазмұнына сәйкес, 20 жастағы Оксана Еленаның 20 жыл бірге тұрған жұбайын сатып алуға ұсыныс жасайды. Қойылымдағы негізгі идея – отбасылық қарым-қатынас. Ерлі-зайыптылар арасында баланың болмауы ажырасуға себеп ретінде айтылады. Сахналық қойылым комедия жанрында болғанымен актерлардың қалың көрерменге ой салар тұсы көп.

Изображение 3 для Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
Изображение 4 для Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
Изображение 5 для Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
Изображение 6 для Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
Изображение 7 для Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті

Айта кетейік, премьера 1, 13 маусым күндері сахналанады.

Фото: Әуезов театрының баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.