English version

Украин сарбаздары Херсон қаласына кірді

Контекст дня — 12 ноября 2022 15:10
0 -1

Украинаның арнайы күштері Херсон қаласына кірді. Украина президенті Владимир Зеленский бұл күнді «тарихи күн» деп бағалады.

– Бүгін тарихи күн. Біз өз жерімізді қайтардық, Херсонды қайтардық. Арнайы бөлімшелер қазірдің өзінде қалаға кірді. Херсон халқы Украинадан үміт үзбей, әбден күтті. Біздің мемлекетімізге деген үміт әрқашан ақталады. Украина әрқашан өз дүниесін қайтарып алады, – деді Зеленский.

Херсоннан әскерін шығарған Ресей бұл әрекетін сарбаздардың өміріне алаңдау және тактикалық қадам деп түсіндірді.

– Біз үшін ресейлік әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығы әрқашан бірінші орында. Бейбіт тұрғындар үшін қауіпті де ескеруіміз керек. Бейбіт тұрғындардың барлығы елді-мекеннен шығып кеткеніне назар аударыңыздар. Әскерлерді шығарып, жеке құрамның, қару — жарақтың Днепр өзенінен өту үшін шара қабылдаңыздар, – деп бұйырды Шойгу.

Фото: Корреспондент. net

Изображение 1 для Украин сарбаздары Херсон қаласына кірді

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.