«Украина бізге жау емес»: Дағыстан мен Якутия халқы мобилизацияға қарсы шықты
Ресейде Украинамен соғысқа жұмылдыруға қарсы наразылықтар жалғасып жатыр.
Дағыстан халқы ереуілге шығып, тас жолды жапты. Ал Якутия халқы алаңға шығып, соғысқа қарсы екендерін айтты. Жиналғандар «Украина бізге жау емес» дейді.
Якутияда соғысқа қарсы акция би түрінде өтті – бұл якуттардың дәстүрлі билері. Акцияға негізінен әйелдер келді. Полицейлер алдымен акцияға қатысушыларды үйге қайтуға көндірді. Кейін соғысқа жұмылдыруға қарсы ұрандар басталды. Тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерді тұтқындады.
Дағыстанда да наразылық акциясына негізінен әйелдер шықты. Көтеріліс Махачкалада жалғасты. Бір топ әйелдер балаларын соғысқа жібермейтіндерін айтып, шу шығарды. Әлеуметтік желіде «сен қызмет орныңа алаңдасаң, мен балам үшін алаңдаймын» деп айқай салған әйелдің бейнежазбасы тарады.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.