Ya Metrika Fast


English version

Украина Путин отырған жиынға қатыспайды – Зеленский

Контекст дня — 4 ноября 2022 14:50
0
Изображение 1 для Украина Путин отырған жиынға қатыспайды – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтегі Греция президентімен бірлескен брифингте Украинаның G20 саммитіне қандай жағдайда қатыспайтынын айтты.

– G20 саммитіне қатысатындар туралы хабарым жоқ. Менің және Украинаның ұстанымы бойынша Ресей Федерациясының президенті қатысқан жиынға Украина қатыспайды. Болашақта қалай болатынын көрейік, – деді Зеленский.

Зеленский Индонезия президентімен сөйлескенін және бұған дейін Индонезия басшысының көктемде Украинаға келгенін еске салды.


– Қалай болғанда да, біз қайтадан шақырылдық. Тағы да көрейік, – деді Украина президенті.

Коллаж: Голос Америки

Изображение 2 для Украина Путин отырған жиынға қатыспайды – Зеленский

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.