Украина Ресейдің 2024 жылы өтетіг олимпиадаға қатысуына қарсы шықты
Халықаралық олимпиада комитеті басшысының ресейлік және беларуссиялық спортшылар 2024 жылғы Париж ойындарына қатыса алатынын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский бір күн бұрын Украинаның астанасына ресейлік сарбаздар оқ жаудырғанын еске салып, олимпиада ойындарына Ресейді қатыстырмауды ұсынды.
– Мұндай соғыс кезінде бейтараптық деген ұғым жоқ. Біз озбырлардың спортты өздерінің идеологиялық мүдделері үшін қолдануға тырысатынын білеміз. Ресейлік спортшылардың туы қанға боялғаны анық. Мен Бах мырзаны Бахмутқа шақырамын, сонда ол бейтараптық жоқ екенін өз көзімен көреді, – дейді Зеленский.
Украина президенті Украина спортшыларының суреттерін жариялады. Кадрларда спортшылар жаттығатын ғимараттардың қирандылары бейнеленген.
Фото: Зеленский

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.