Украина сарбаздары Лиман қаласын өз бақылауына алды
Украинаның Қарулы Күштері Донецк облысындағы Лиман қаласын бақылауға алды. Лиман қаласы – елдің шығысындағы маңызды тораптардың бірі.
Украина президенті Владимир Зеленский келесі аптада Донбас қалаларын Украинанаға қайтаруға уәде беріп, Лиманның украин сарбаздарының бақылауына өткенін растады.
Лиман мен жақын маңдағы ауылдардағы шайқастар әлі де жалғасып жатыр. Ресей әскери күштері бір күн бұрын Лиман қаласы Украинаның қолына өткенін мойындады.
Сарапшылар Украинаның Қарулы Күштері алдағы күндері Луганск облысының солтүстігінде шабуыл жасап, Кременная, Сватово және Северодонецк қалаларын азат етеді деп болжады.
Комментариев пока нет