Украина: Зеленский әскерге шақыру науқанын тоқтатты - Exclusive
Поддержать

Украина: Зеленский әскерге шақыру науқанын тоқтатты

Украина президенті Владимир Зеленский әскерге шақырудың күзгі науқанын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Қабылданған құжатта «Шұғыл әскери қызметкерлерді запасқа ауыстыру, кезекті әскерге шақыру мерзімдерін өткізу және 2022 жылы Украина азаматтарын кезекті әскерге шұғыл шақыру туралы» жарлыққа өзгерістер енгізу қарастырылған.

Атап айтқанда, Зеленский қазан-желтоқсан айларында әскерге шақыру науқанын өткізу туралы тармақтарды алып тастады. Сонымен қатар, әскери запасқа шығаруды кейінге қалдырды. Жарлықта бұрын әскери қызметке шақырылғандарды демобилизациялау кейінге қалдырылғаны да жазылды.

Биылғы жылы 11 сәуірде Зеленский әскерге шақырудың көктемгі науқанын тоқтату туралы, жарлыққа қол қойған еді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.