Украинада соғыс салдарынан жеті мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты
Украина жеріндегі соғыс салдарынан 7000-нан астам бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Exclusive.kz БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының баяндамасына сілтеме жасап.
Баяндамада бұл тек бейбіт тұрғындардың қайтыс болғаны туралы расталған ақпарат екені айтылады. Бірақ қаза тапқандар саны көп болуы мүмкін.
Осылайша, 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 16 қаңтарына дейін Украинада 7 031 бейбіт тұрғын мерт болды. Олардың ішінде 433 бала бар. 11 327 азамат жарақат алған.
Еске салайық, ақпан айында Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасап, Донбаста Украинаны демилитаризациялау және қарусыздандыру мақсатында «арнайы әскери операция» басталатынын хабарлады. «Арнайы әскери операция» деп аталатын қан майдан бүгінге дейін жалғасып жатыр.
Фото: DW
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.