Украинаның бас мүфтиі Ресейге қарсы соғысқа аттанды - Exclusive
Поддержать

Украинаның бас мүфтиі Ресейге қарсы соғысқа аттанды

Украина мұсылмандары қауымдастығының басшысы Саид Исмагилов өз өкілеттігін тоқтатып, майдан даласына баруды шешкен.

Оның айтуынша, мұндай шешімді 24 ақпанда қабылдаған, бірақ көпшілік алдында мәлімдеме жасамаған. Бұл туралы Исмагилов өзінің Facebook парақшасында жазды.

Саид Исмагиловтың айтуынша, Путиннің Украинаға басып кіретінін білген. Исмагилов 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап аумақтық қорғаныс батальонында жаттыққан.

– Наурызда мен мүфтидің өкілеттігін тапсырып, Украинаны қорғауға және жараланғандарды құтқаруға кірістім. Біраз уақыт бойы көпшілік алдында ешқандай мәлімдеме жасаған жоқпын, дегенмен түсіндіңіздер, — деп жазды ол.

Соғыстан аман оралса 13 жылдық жұмысына есеп беріп, қызметін ресми табыстау рәсімін ұйымдастыратынын айтты.

– Қазір көптеген мешіттер жабық және кей мешіттер басқыншылар қолындағы аумақта қалды. Дінге бөлініп жатпаймыз, отанды қорғау ортақ іс, — депті ол.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.