Вагнер басшысы Пригожин ұшақ апатынан көз жұмды
Ресейдің Тверь облысында «Вагнер» басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ құлады. Росавиация ұшақта болғандар тізімін жариялады. Бұл тізімде Вагнер басшысы Евгений Пригожиннің де есімі бар, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ұшақ Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Embraer ұшағында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен командир Дмитрий Уткин болды.
Ресейдің тергеу комитеті тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Айта кетейік, бұған дейін Евгений Пригожин Мәскеуде әскери бүлік ұйымдастырмақ болған еді.
Ұшақ апатынан көз жұмғандар тізімі:
- Евгений Пригожин;
- Дмитрий Уткин;
- Сергей Пропустин;
- Евгений Макарян;
- Александр Тотмин;
- Валерий Чекалов;
- Николай Матюсеев.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.