Владимир мен Наргиз Северный 7-8 жылға сотталды
Журналистер Владимир мен Наргиз Северный 7-8 жылға сотталды. Олар «кәсіпкерден компаниясы туралы жағымсыз материалдарды жарияламау үшін 15 миллион теңге талап етті» деп айыпталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Журналист Владимир Северный жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жары Наргиз Северная сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, Наргиз Севернаяның үкімі бес жылға кейінге шегерілді. Бұл оның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты болып отыр.
Мемлекеттік айыптаушы журналистерді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ерлі-зайыпты журналистер сотта кінәсін мойындамады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: facebook
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.