Владимир Путин қазақ жеріне табан тіреді
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді.
Ресей президентін елорда әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.
ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына арналған.
Сондай-ақ РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтілуде.
Фото: Қазақпарат

Комментариев пока нет