English version

Владимир Зеленский жол апатына ұшырады

Контекст дня — 15 сентября 2022 14:30
0 -1

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі Киевте жол апатына ұшырады.

Бұл туралы Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлімдеді.

– Киевте Украина президентінің көлігі мен жеңіл көлік соғысты. Мемлекет басшысының жанында еріп жүрген дәрігерлер жеңіл көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетті. Президентті дәрігерлер қарап шықты, айтарлықтай зақым келмеген. Құқық қорғау органдары апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр, – деп жазды Никифоров Facebook-те.

14 қыркүйек күні украиналық БАҚ Владимир Зеленскийдің Украинаның Харьков облысының Изюм қаласына келгенін хабарлады.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.