Владимир Зеленский «Жыл адамы» атанды
«Тайм» журналы Украина президенті Владимир Зеленский – «Украина рухын» жыл адамы деп атады.
– Украина президенті осы ғасырдың бағытын анықтайтый авторитаризмге қарсы жаһандық күресте демократиялық әлемнің флагманы болды, – деп жазылған журналда.
Аталған басылым Зеленский президенттігінің бейбіт кезде біраз сынға ұшырағанына қарамастан, соғыс кезінде ол өзін Украина халқының рухын көтере алғанын атап өткен. Сондай-ақ Батыс елдерін де Украинаға көмектесу үшін ынталандыра алған мықты көшбасшы ретінде көрсетті.
Айта кетейік, «Тайм» басылымы былтыр жыл адамы деп Илон Маскты жариялаған еді.
Фото: ашық дереккөз

Комментариев пока нет