Ya Metrika Fast


English version

Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді

Контекст дня — 29 ноября 2023 17:10
0
Изображение 1 для Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Әкім кесененің қауіпсіздігі Үкімет деңгейінде талқыланып жатқанын атап өтті.

– Кепілдікті ешқашан, ешкім бере алмайды. Оқиға ақпан айында болды. Оны БАҚ арқылы білдім. Тәжікстанның азаматы сондай іс-қимыл жасағысы келген деп естідім. Енді олар басқа ағымдағы азаматтар шығар. Оның көзқарасын неге ондай шешімге келгенін білмеймін, – деді ол.


Айта кетейік, кесенені арнайы күзет қызметімен қорғау бұл кесене стратегиялық нысандар тізіміне енгеннен кейін жүзеге асады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.