Қырғыз депутаттары ресейліктерге азаматтық беруге қарсы шықты
Жеті мыңнан астам ресейліктер Қырғыз Республикасының азаматтығын алуға құжат тапсырды. Бұл туралы Қырғызстанның цифрлық даму министрлігінің басшысы Талантбек Иманов мәлімдеді.
Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Қырғыз Республикасына келген ресейліктерге босқын мәртебесін беру ұсынылатын түзетулер қарастырылып жатыр. Депутат Тазабек Икрамов Қырғызстан азаматтығын алған ресейліктердің санын сұрады.
– Тоғыз айдың ішінде елге 192 мың Ресей азаматы келді. Оның ішінде 603 адам Қырғызстан азаматтығын алды, 7200 адам азаматтық алуға өтініш берді, – деді Талантбек Иманов.
Депутат ішінара жұмылдырудан кейін келген ресейліктерге елдің азаматтығын беруге қарсы шықты.
– Ел паспорттарын сату, оны көлденең көк аттыға беру – ұят. Біз азаматтықты қашып келгендерге емес, қырғыздарға ірі инвестиция тартатындарға беруіміз керек, – Икрамов.
Фото: Today.kg

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.