English version

Қырғыз халқы Екібастұз тұрғындарына көмек қолын созды

Контекст дня — 2 декабря 2022 16:30
0 -1

Қырғызстан халқы Екібастұз тұрғындарына көмектесуге әзір. Екібастұзда 17 көпқабатты үйдің тұрғындары әлі жылусыз отыр. 

– Екібастұз халқы алты күн бойы қақаған аязда жылусыз және ыстық сусыз отыр. Егер сіздерде жылыту құралдары болса, маған жіберіңіздер. Бауырлас қазақ халқына көмек қолын созайық, – деді Динара Ошурахунова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Екібастұздағы жылу желілерінде апат болды. Қазір тұрғындар көшеге шығып, от жағуға мәжбүр.

Апат фактісі бойынша ЖЭО-да тергеу басталды. Апатты жоюға Астана мен тағы үш қаладан мамандар жіберілді. Премьер-министр Әлихан Смайылов апатқа қатысты Қазақстан өңірлерінің энергетикалық объектілеріне толық техникалық аудит жүргізуді тапсырды.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive
https://t.me/kzexclusivehttps://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.