English version

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан 36 қырғызстандық қаза тапты

Контекст дня — 18 сентября 2022 18:15
0 -1

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі шекарады қақтығыс салдарынан 134 азаматтың жараланғанын хабарлады.

Қырғызстан МҰҚК мәліметі бойынша, шекарадағы жағдай әлі де тұрақталмаған.

– Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 қырғызстандық қаза тапты, 134 адам жарақат алды, – деп хабарлады Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі.

Тәжіктер тарапынан зардап шеккендер мен қаза болғандардың жалпы саны туралы нақты мәлімет жоқ.

Тараптар қақтығысқа бір-бірін кінәлап жатыр. 16 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды. Лейлек және Баткен аудандарындағы елді мекендерде жағдай шиеленіскен.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Сондай-ақ, Қырғызстанның шекаралас аудандарынан 137 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.