Ya Metrika Fast


English version

Қырғызстан Қазақстанға баратын егіс суын тоқтатты

Контекст дня — 14 августа 2023 16:30
0
Изображение 1 для Қырғызстан Қазақстанға баратын егіс суын тоқтатты

Қырғызстан астанасы Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері кездесті, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Қазақстан қырғыз тарапынан Жамбыл облысындағы суармалы егістікке су жіберуді сұрады. Бірақ екі тарап та келісімді бұзбақшы. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлаған.


– Олар 18-31 шілде аралығында Киров қоймасынан секундына бұрынғыдай 40 текше метр емес, 45 текше метр су жіберуді сұрады. Біз көбейте алмайтынымызды, өз егісімізге де жетпей жатқанын алға тарттық. Егер 45 текше метр су алатын болса Қазақстанның 3,54 миллион текше метр лимиті 4 тамызда-ақ таусылады. Қазақтар сонда да өтінішінен бас тартпады. Сондықтан екі жақ Қазақстанға егіс суын тамыздан бастап тоқтату жөнінде хаттамаға қол қойды, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.