Қырғызстан өз жерінде ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуден бас тартты
Қырғызстан Қорғаныс министрлігі «Мызғымас бауырластық-2022» командалық-штабтық жаттығуларын өткізуден бас тартты.
Жаттығу 10-14 қазан аралығында Эдельвейс полигонында өтуі керек еді. Жаттығу кезінде бітімгершілік операция жүргізу және атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету шаралары пысықталуы тиіс болған.
Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және Арменияның бітімгершілік контингенттері қатысты. Сондай-ақ, Өзбекстан, Сербия, Сирия, Түркіменстан және Моңғолиядан бақылаушылар шақырылды.
ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің оқу-жаттығулары 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Фото: Риа
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.