Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
Қырғызстанда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелерде және бұқаралық іс-шараларда фонограмма арқылы ән айтуға тыйым салынады. Бұйрыққа Қырғызстанның Мәдениет министрі қол қойды.
Министр бұйрықтың орындалуына әр мекеменің басшылығы жауапты екенін айтты және бұйрықтың орындалуын жеке қадағалайтынын ескертті.
– Министрлік қарамағындағы барлық мәдениет және білім беру мекемелерінде, концерттік шаралар мен мәдени жиындарда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Бұл санатқа театр, филормония, мұражай мен кітапхана ішінде ән айту да кіреді, – деп жазылған бұйрықта.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.