Ya Metrika Fast


English version

Қырғызстанда Күдебаевпен байланысы бар төрт адамнан жауап алынады

Контекст дня — 22 мая 2023 17:30
0
Изображение 1 для Қырғызстанда Күдебаевпен байланысы бар төрт адамнан жауап алынады

Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың елден қашу ісі бойынша 4 адамнан жауап алынады, деп хабарлайды Exclusive.kz 24.kg-ке сілтеме жасап.

– Серік Күдебаев Түркияға «Манас» әуежайы арқылы ұшып кетті. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша төрт адам тергеуден өтіп жатыр. Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Ұсталғандарың бірі – әскери қызметші, – деп жазылған хабарламада.

Шекара қызметінің әскери қызметшісі Күдебаевтың Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған.


Еске салайық, Күдебаев 27 сәуірде ұсталып, Стамбулдан Қазақстанға арнайы бортпен жеткізілгені хабарланды. Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланды деп айыпталған ол 10 жылға сотталды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.