English version

Қырғызстанның екі депутатын Қазақстанға кіргізбей қойды

Контекст дня — 27 ноября 2022 17:30
0 -1

Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қызметі Қырғызстан парламентінің екі депутатын Қазақстанға кіргізбеді.

Эмиль Жамғырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков қырғыз-қазақ шекарасынан өте алмады. Олар Қазақстанға жеке істерімен – Қордайдағы жерлеуге бармақ болған. Алайда оларды «Ақ-Жол-автожол» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткізуге рұқсат бермеген.

Шекараға арнайы қызмет өкілдері келіп, екі депутатты да Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне алып кеткен.

Депутаттардың не үшін ұсталғаны белгісіз. Бірақ кейін олардың бірі босатылды. Бұл туралы депутаттардың әріптесі хабарлады.

– Ақ-Жол өткізу бекетінде Эмиль Жамғырчиев белгіленгені, яғни шығуға тыйым салынғаны анықталды. Оны ҰҚК қамауға алды. Біз жиналдық, ол босатылды, – деп жазды депутат Эльвира Сурабалдиева.

Фото: Sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.