English version

Қытайда бубон обасын жұқтырғандар анықталды

Контекст дня — 13 августа 2023 18:30
0 -1

Қытайдың солтүстік аймағында бубон обасын жұқтырған екі адам тіркелді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, инфекция 7 тамыз күні анықталған. Үкімет жұқтырған екі адамның бұрынғы науқастың күйеуі мен қызы мәлімдеді.

Мәлімдемеге сәйкес, науқастармен жақын байланыста болған адамдар бақылауға алынған және олардан ауру белгілері байқалмады.

Бубон обасы — бактериялық ауру. Ол суыр секілді жабайы кеміргіштерде жүретін бүргелер арқылы тарайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, аурудың бұл түрін жұқтырған ересектер егер оны уақытында емдемесе 24 сағатта қайтыс болуы мүмкін.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.