Қытаймен қытайша, орыспен орысша сөйлескен президентке риза болдым – депутат
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық шахмат бойынша әлем чемпионы атағы үшін сайысқа түскен Ян Непомнящий мен Дин Лижэньді, сондай-ақ Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворковичті қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза бұл кездесуге қатысты пікір білдіріп, екі тілде сөйлеген мемлекет басшысына риза болғанын айтты.
– Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытай гроссмейстеры Динь Лижень мен Ресей гроссмейстеры Ян Непомнящийді Ақ Ордада ресми қабылдады. Қытаймен қытайша, орыспен орысша сөйлескен президентімізге қалай риза болмайсың!? Кәдімгідей кеудеңде бір мақтаныш па, бір дүмпу ма, ”бұл менің президентім!” деп айқайлағың келе ме …. Сондай бір сезімде отырмын. Айтпақшы, биыл жазда шахматтан мектепаралық дүниежүзі чампионаты да Астанада өтпек. Жас таланттар сол жерде шыңдалып шығады, – деп жазды депутат facebook парақшасында.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.