Қызметінен босатылған Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болды
Құмар Ақсақалов Архимед Мұхамбетовтың орнына Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған президент жарлығында.
Құмар Ақсақалов 2017 жылғы наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды, оған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Nur Otan (қазіргі – Amanat) партиясының хатшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысын 2015 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.