English version

Қызылорда: шенеуніктер 543 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Контекст дня — 18 апреля 2023 17:50
0 -1

Антикор Қызылордадағы білім беру саласында қаржы жымқыру фактісін анықтады, — деп хабарлайды деп хабарлайды Exclusive.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

– Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.