English version

Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр – Ажар Ғиният

Контекст дня — 28 ноября 2023 15:10
0 -1

Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында, – деді ол.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, қызылша ауруының асқынуы бойынша әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелді.

Қазақстанда қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркеліп отыр. Олардың 82 пайыздан астамы балалар.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.