English version

Зүлфия Чиншанло Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі

Контекст дня — 10 октября 2022 10:35
0 -1

Қазақстандық спортшы Зүлфия Чиншанло Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді.

Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, қоссайыс есебімен спортшы 220 (95+125) кг нәтиже көрсеткен.

Күміс медаль қытайлық Линлу Люге бұйырды. Ол 210 келі көтерді. Үздік үштік қатарында Өзбекстаннан келген спортшы Нигора Абдуллаева бар. Ол 193 келі көтерді.

Еске салайық, Зүлфия Чиншанло биылғы жылдың тамыз айында өткен Ислам ойындарында алтын медаль еншілеген еді. Қоссайыс қорытындысы бойынша спортшы 220 (95+125) келі салмақты игерді.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.