Заң бұзған шетел азаматтарын елден шығаруды ұсынған депутат қызметінен кетті
Мәжіліс депутаттары Орталық сайлау комиссиясының депутат Айбек Паяевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысын қолдады.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтың айтуынша, Мәжіліс депутаты Айбек Паяев өз өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген.
– Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясының 52-бабына, Конституциялық Заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес және өтініш беру негізінде Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізеді, – деді Өтемісов.
Депутаттар бірауыздан депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді. Айбек Паяев Үкімет құрамын жаңарту, заң бұзған шетел азаматтарын елден шығару туралы ұсыныстар айтқан еді.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.