Заңгер Тайжанға: Халықтың атын жамылып, бизнесіңізді жүргізіп отырсыз
27 ақпан күні Алматыда Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың теледебаттары өтті.
Жер құқығы сарапшысы, кәсіби сот заңгері Бақытжан Базарбек Мұхтар Тайжанды «халықтың атын жамылып, пайда тауып отырсыз» деп айыптады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Сіз Ақордада жұмыс істедіңіз, Назарбаевпен қызметтес болдыңыз. «Қазақстан-2030» жобасын әзірлеуге де атсалыстыңыз. Енді өзіңізді сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткіңіз келеді, – деді заңгер.
Мұхтар Тайжан оның кейбір айыптауларымен келісіп, 2016 жылы жер туралы митингке өзі секілді «популистермен» бірге неге шықпағанын сұрады.
– Сізде бәрі бос сөз, ешқандай іс жоқ. Сіз мақтанқұмар адамсыз. 2016 жылы жер мәселесіне байланысты конференциялар ұйымдастырдым. Сіз халық деп шырылдаған болып, өз бизнесіңізді жүргізіп отырсыз, – деп жауап берді Бақытжан Базарбек.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.