Заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады
Бас прокуратураның жанынан заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару ісімен айналысатын Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Комитет құру жөніндегі құжат мәтіні Ашық НҚА порталында жарияланған. Комитет жұмысын жандандыру үшін Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп әрекет етеді.
– Республикалық мемлекеттік мекеме ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылсын. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп комитеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдасын. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі мен дербес құрамы бекітілсін, – деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.