Заңсыз құрылыс жүргізген Байбектің әкесіне 51 750 теңге айыппұл салынды
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке айыппұл салынды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Еңбек жолын теміржолшы болып бастап, «Алматы жолаушылар тасымалы» мекемесінде лауазымды қызмет атқарған Қыдырғали Байбек заңсыз құрылыс жүргізген.
– Қыдырғали Байбек құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламай, құрылыс жұмыстарын жүргізгені анықталды, – деді судья Нұржан Қайырбекю
Сапаны бақылау басқармасы тұрғындардың шағымынан кейін нысанда жоспардан тыс тексеру жүргізген. Сот Қыдырғали Байбекті кінәлі деп тауып, оған 51 750 теңге айыппұл салды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.