English version

Өзбекстан Путин ұсынған «газ одағына» қарсылық білдірді

Контекст дня — 8 декабря 2022 17:50
0 -1

Өзбекстан Кремльдің Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арасында газ одағын құру туралы идеясын қолдамайды. Бұл туралы Өзбекстанның Энергетика министрі мәлімдеді.

– Біз газ бен электр энергиясын импорттауды қандай да бір одақ арқылы емес, көрші елдермен келіссөздер жүргізу арқылы іске асырамыз. Келіссөздер өзара энергетикалық желілермен алмасу арқылы емес, коммерциялық келісімшарт, сатып алу-сату үшін ұлттық мүдделер негізінде жүргізіліп жатыр, – деді Журабек Мырзамахмудов.

Еске салайық, қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің Кремльдегі келіссөздері барысында Ресей, Қазақстан және Өзбекстан мүше болатын «үштік газ одағын» құру туралы ақпарат тарады.

Кейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай ақпаратқа түсініктеме берді.

– Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін үштік газ одағын құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды, – деді Руслан Желдібай.

Фото: РБК

Изображение 1 для Өзбекстан Путин ұсынған «газ одағына» қарсылық білдірді
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.