Өзбекстанның жаңа конституциясы Қарақалпақстанды егемендігінен айыруы мүмкін
Өзбекстан конституциясына түзетулер жобасында Қарақалпақстанның мәртебесін өзгерту ұсыныллды.
Елдің қолданыстағы конституциясында Қарақалпақстан егемендігін Өзбекстан сақтаған ретінде көрсетілген. Сонымен қатар, Қарақалпақстан халқының жалпы референдумы негізінде Өзбекстан құрамынан шығу құқығы бар екендігі бекітілген. Бірақ жаңа конституцияда бұл ережелерді алып тастау ұсынылады.
– Бұл түзетулер қарақалпақ және өзбек халықтарының бірлігін одан әрі нығайтуға және бір ел – ортақ тағдыр идеясын бекітуге бағытталғанын атап өтті, – деді Конституциялық комиссияның сарапшылары.
25 Маусымда Өзбекстанда ел конституциясына түзетулер туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға түсті. Жалпы, негізгі Заңның 66 бабына 170 түзету енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, түзетулермен президенттің өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайту және оның өкілеттігін кеңейту ұсынылады.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.